Іс-шаралар

Талғар аудандық кітапханасы мемелекеттік коммуналдық мекемесінің оқу залында 19.01.2018 жылы аудандық және ауылдық кітапханалардың бірігуімен «Жемқорлық індет, жою міндет»атты дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстелде жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер талқыланып оңды пікірін тапты.Фото Талғар Аудандық Кітапханасы.Фото Талғар Аудандық Кітапханасы.Фото Талғар Аудандық Кітапханасы.

 

Талғар аудандық кітапханасына қарасты Талғар қалалық бабалар кітапханасында 19.01.2018 жылы сағат 14:30 да Астана қаласының 20-жылдығына орай «Астана келбеті -ұлт келбеті» атты фото көрме ұйымдастырылып,оқырмандарға таныстырылды.Көрме 3-бөлімнен тұрады:
1-ші бөлімде Астана қаласы монументтерінің фотолары
2-ші бөлімінде ақындардың Астана туралы жазылған өлеңдері
3-ші бөлімде мерзімді басылымдарға Астана туралы шыққан мақалалармен таныстырылды.Фото Талғар Аудандық Кітапханасы.

Фото Талғар Аудандық Кітапханасы.Фото Талғар Аудандық Кітапханасы.Фото Талғар Аудандық Кітапханасы.

 

Талғар аудандық кітапханасының оқу залында 1 желтоқсан тұңғыш президент күніне орай «Ел басы ел тілегі»атты дөңгелек устел өткізілді оған Алматы облысы МКҚБ ММ 3- полиция батальонының ( Талғар қаласы) 4 Взвод командирі полиция аға сержанты Амиров Арман Бақытжанұлы ,3- полиция батальонының КДЖ аға инспекторы полиция майоры Ахатаев Ескендир Өстайұлы
3-полиция батальонының, ( Өтегер батыр кенти) 3 взводының бөлімше командирі полиция аға сержанты Алпанов Серик Əлікұлы,3- полиция батальонының ( Талғар қаласы) 4 Взводының жеке құрамы
3-полиция батальонының, ( Өтегер батыр кенті) 3 взводының жеке құрамы қатысты.
Іс шарада «Президент ғасыр адамы» атты кітап көрмесі таныстырылды.Дөңгелек үстел барысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық және жасөспірімдік шақтарына қызықты ақпараттар айтылып, саясаттағы,экономикадағы, мәдениеттегі атқарған істері жайлы мекеме қызметкерлері ой бөлісті.Ел басының «…Садағаң кетейін,айналайын халқым!Сенің жолыңда бойда қуат ,ойда нәр-бәрін аянбай сарп етуге пейілмін » немесе «Мен де қазақтың елдігін ,Қазақстан Республикасының мемлекеттігін нығайтудан басқа мақсат та арман да жоқ»,-деген сияқты сертпен тең тегеурінді ойларын,елім деп еңіреген ерінің жасампаздыққа толы жан сырын ,қанатты қағидаларын және өмір жолдарын «Тәуелсіз елімнің мақтанышы Н.Ә.Назарбаев» туралы слайд шоуды көрді.Мамандандырылған күзет қызметкерлері елбасы жолдаларынан,»100-нақты қадамнан»,»Болашаққа бағдар рухани жаңғыру «атты мақаласынан және өздерінің елбасы туралы оқыған кітаптарынан ой бөлісті.
3- полиция батальонының КДЖ аға инспекторы полиция майоры Ахатаев Ескендир Өстайұлы «Тұңғыш президент сайлауында мен мектеп оқушысы едім.Елбасы «Егер келешекте қолымнан іс келетін азамат бола қалсам,қазақ деген халықты дүниежүзіне танытып,терезесін тең етер едім»деп армандаған еді .Жасыратыны жоқ бүгінде асқақ арманын орындады.Қазақты дүниежүзіне танытты.Оның кең байтақ даласын,қазынасы мол жерін,дархан жатқан бейбіт елін дүниенің төрт бұрышы біледі.Дәл сол кезде дүниеге келген сәби 26 жасқа келді.Ол сәби бақытты себебі Тәуелсіз елдің азаматы мен азаматшасы болып дуниеге келді»деп өз ойын қуанышпен жеткізді.
Шара соңында «Елбасы түнгі студияда атты бейнеролик және тәуелсіз елдің мақтанышы»Н.Ә.Назарбаев»тақырыбында презентация ұсынылып,Муз арт тобының орындауында «Үш қоңырым»әні тыңдалып,»Жаса Қазақстан»әнімен аяқталды».
Фото Талғар Аудандық Кітапханасы.Фото Талғар Аудандық Кітапханасы.Фото Талғар Аудандық Кітапханасы.

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

4-қыркүйек 2017 жылы Талғар аудандық кітапханасының оқу залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында тұңғыш рет «Рухани керуен» жобасы аясында жастар арасында діни адасушылықтың алдын алуға бағытталған «Дінаралық татулық – болашаққа нық қадам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге көрнекті діни қайраткер. Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш бас муфтиі. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры, белгілі ғалым Рәтбек қажы Нысанбайұлы , Алматы облысының дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» қызметкері Тимур Нүсіпханов,Талғар қаласының Нұржау мешітінің бас имамы Абдуалиев Ұлықбек Тағайбекұлы, Талғар аудандық мешіттің бас имамы Серғазы Дауытбеков, Ақын, сазгер, Талғар ауданының «Құрметті азаматы» Камнұр Тәлімұлы ,аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сәлімбаева Гаухар Аменқызы,Талғар аудандық кітапхана ұжымы қатысты. Кәмнұр Тәлімұлы тәуелсіздігіміздің тұғырлы, мемлекетіміздің қуатты болуы жас ұрпақтың ұлттық салт-дәстүрді сіңіре отырып, рухани өсіп-өркендеуіне тікелей байланысты екенін, дін тазалығы турасында әңгіме өрбітті.Көпті көрген көнекөз қария Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы Рәтбек қажы Нысанбайұлы қоғамда жиі ұшырасатын жағымсыз әрекеттерден жастарды сақтандыру, имандылыққа ұйыту, адамгершілікке баулу ортақ міндет екендігін айтты. Ал дінтанушы Тимур Нүсіпханұлы терроризм мен экстремизмге қатысты ойын ортаға салды.Фото Махамбета Хармысова.Фото Махамбета Хармысова.Фото Махамбета Хармысова.

Тарихыңды таны-Тұлғаңды құрметте

Талғар ауданы жастар ресурстық орталығы, Жас Отан жастар қанатының ұйымдастыруымен «Жасыл ел» еңбек жасақшыларымен бірге Туған елге – туыңды тік жобасы акциясында Талғар аудандық кітапханасында «Тарихыңды таны-Тұлғаңды құрметте атты ашық есік күні өтті.Шара барысында жастарымыз толық кітапхана бөлімдерін аралап,өз ойларымен бөлісті.Талғардың тарихы жайлы видео-роликтер көрсетілдіФото Талғара Жастары.Фото Талғара Жастары.Фото Талғара Жастары.

«Сарыарқаның маржаны – Астана»

4-шілде 2017жылы «Талғар аудандық кітапханасы» МКМ оқу залында Астана күніне арналған ««Сарыарқаның маржаны – Астана»» атты кітап көрмесі өтіп, оқырмандардың назарына бас қала туралы бай материалдардан құралған кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылды.
Мерекелік шараны жүргізген кітапханашы Б.Абишева мен бағдарламашы Е.Мұқаметжан қатысушыларды Астананың қалыптасу тарихымен таныстырды. Сондай-ақ, Астана қаласының «Бәйтерек», «Хан Шатыр», «Думан» сынды ірі мәдени-көпшілік, ойын-сауық орталықтары мен өзге де көптеген көрікті жерлері туралы әңгімеледі.
Ұйымдастырушылар шолу барысында оқырман назарына ұсынылған кітаптардың мазмұнына тоқталды. Сонымен қатар, Астана туралы деректер ұсынылып, қызықты бейнекөріністе баяндалды. Әдемі жинақталған әрі бай материалдар көмегімен шараға қатысушылар Қазақстан астанасының көкжиегін бойлағандай болды. Кең көшелерімен жүріп, сәулетті құрылыс нысандарын, әндететін су бұрқақтарын тамашалап, сондай-ақ Астананың құрылысы барысы туралы қызықты да тарихи фактілерге қанықты.
Мақсатымыз оқырмандарға Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы туралы әдебиеттерді насихаттау, Астана қаласының тарихын білуге баулу.Фото Талғар Аудандық Кітапханасы.Фото Талғар Аудандық Кітапханасы.

Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы және тіл мәдениеті

1-шілде 2017 жылы «Талғар аудандық кітапханасы» мкм оқу залында Талғар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»атты мақаласынан кейінгі ой» 2017 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы және тіл мәдениеті» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Іс-шараға «Арыс» қорының президенті, «Арыс» баспасының директоры, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнес Қабдолқадырұлы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбеков,«Латын әліпбиіне көшу-түркі тілдес мемлекеттерді біріктіру факторы» аудармашы, доцент Жақыпов Мақсұт, Талғар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Бегенбаева Фарида Мамырбекқызы, мәдениет үйінің қызметкерлері, «Іле мұрагері» қоғамдық бірлестігі,аудандық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің әдіскері Мамырбаева Гулнар,Талғар аудандық кітапханасының кітапханашылары және ауылдық кітапханашылар қатысып, келелі ой-пікірлерімен бөлісіп, нақты ұсыныстарын ортаға салды.
Дөңгелек үстелді кіріспе сөзбен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бегенбаева Фарида Мамырбекқызы ашты.
Содан соң, сөз тізгінін алған «Арыс» қорының президенті, «Арыс» баспасының директоры, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнес Қабдолқадырұлы:
– Жақында ғана жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Елбасы: «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық. Яғни, жақын арада іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз», – деді. Бүгінде бұл мәселе қоғамда талқы тақырыбына айналды. Латын әліпбиінің тарихы тереңде. Сондықтан да ол болашақта 250 мың халықтың ортақ жазуына айналады.Бірақ мені қынжылтатын мәселе – өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілде сөйлемеуіне өзіміз кінәлі екендігімізді, қазақ тілі мен мемлекеттік тілді шатастырып алып жүргендігімізді тілге тиек ете сөйледі. Сонымен қатар, латын әліпбиіне көшсек, тіпті осы жазу үлгімізде қалған күнде де,мемлекеттік тілге үлкен жазу реформасы қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, жазу реформасын жасауға, жалпы мемлекеттік тіліміздің адымын аштырмай, басты кедергі болып отырған Қазақстандағы мектептердің алуан түрлілігі екендігіне тоқталып, елімізде тек мемлекеттік тілде ғана білім беретін мектеп болуы керектігін, мемлекеттік тіл – Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттың мемлекеттік рәмізі секілді нәрсесі болуы керектігін қадап айтты. Бұрынғы Кеңестер Одағы бойынша тек Қазақстанда ғана аралас мектептердің сақталып қалғандығын, ол мектептердің ілгеріде патша өкіметінің қазақтарды орыстандыру мақсатында ойлап тапқандары екендігін, содан әлі арыла алмай келе жатқанымызға өз қынжылысын білдірді. Сөздерді дұрыс айту, сөздерді сұрыптап талғаммен қолдану, сөйлеу мәдениетіндегі заңдылықтарды сақтау және тағы басқа өзекті жайттарды ортаға салып сөз кезегін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі инситутының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбекке берді.Ол өзі құрастырған әліпби жобасының нұсқасын көпшілік назарына ұсынды. Қазақ әліпбиінің бұл үлгісі ұлттық жоба деп аталатынын, өйткені, қазақ дыбыстарының әрқайсысына тән өз таңбасы барлығын және Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, Қырғызстан, Түркменстан елдерінің мамандары бірігіп ұсынған ортақ әліпби нұсқасы басшылыққа алынғандығын айта келе, «әр тілдің әліпбиі осы ортақ әліпбидің ішінен алынса, сонда бүкіл түркі жазуының жазылымы мен оқылымы бір ізге түсер еді» деген пікірін білдірді.
Сөз кезегін алған: «Латын әліпбиіне көшу-түркі тілдес мемлекеттерді біріктіру факторы» аудармашы, доцент Жақыпов Мақсұт: Бүгінде қазақ тілінің ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан сөз мәйегі, тілдің тазалығы көпшілікті ойландырып отырғаны сөзсіз.Мен қызмет бабымен көршілес жатқан түркі тілдес қандастарымыздың еліне барғанда олардың ана тіліне деген сүйіспеншілігімен жалпы түркі мұрасына деген құрметіне өте риза болдым.Біз неге олардан кем қалуымыз керек? Біз осыған жас ұрпақты тәрбиелеуіміз керек.Ол үшін біз-алдыңғы толқын ағалар жол салып беруіміз керек.Ортақ мүдде,ұлттық мақсатқа бәріміз жұмылайық, сонда ғана іс нәтижелі болады,- деп ойын түйіндеді.
«Арыс» қорының президенті, «Арыс» баспасының директоры, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнес Қабдолқадырұлы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысында жақын аудандарды да тартып жұмыс жүргізу үшін Талғар қаласында «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің әдістемелік орталығы» құру туралы ұсыныс жасады.Ұсыныс бірауыздан қолдау тапты.Сонымен қатар Әнес Ғарифолла Қабдолқадыр-ұлы «Қазақстанның жер-су аттары»,»Тіл мәселелері»,»Қазақ тілінің фонетикасы», т.б көптеген «Арыс» баспасынан шыққан кітаптарды тарту етті.
Дөңгелек үстелді қортындылай келе, Талғар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Бегенбаева Фарида Мамырбекқызы және «Іле мұрагері» қоғамдық бірлестігі «Тіл тазалығын сақтайық» акциясына белсене қатысқан ауылдық округтер мен мекемелердің белсенді қызметкерлерін Талғар аудандық әкімшілігі мен аталған бөлім атынан марапаттады.Фото Талғар Аудандық Кітапханасы.Фото Талғар Аудандық Кітапханасы.Фото Талғар Ауданының Мәдениет Бөлімі.

Жастар нашақорлық пен қылмысқа қарысы

Нашақорлық – бүкiл адамзат баласы үшiн аса үрейлi мәселелердiң бiрi. Қаншама ұрпақтың өмiрiн жалмаған осынау аждаһамен күрес күн санап күшейтiлсе де, дес бермей отыр. Ең бiр сорақысы есiрткiге елiтiп, есiнен айырылғандардың көбiсi жастар мен жасөспiрiмдер.Қазіргі уақытта жастардың бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, денсаулығын сақтай білуге үйрету, зиянды нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу, нашақорлықтың алдын алу – қоғамның басты мақсаты болып табылады.
Талғар ауданында 11-қыркүйек пен 11-қазан аралығында өтіп жатқан «Жастар нашақорлық пен қылмысқа қарысы» атты айлық ісшара қарсаңында 29-қыркүйек 2017 жылы Талғар аудандық кітапхананың оқу залында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Токарзаева Ризван Төлегенқызының ұйымдастыруымен « Жастар қылмысқа қарысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. «Дені сау ұрпақ – еліміздің болашағы» деген ұранмен өткен дөңгелек үстелге Талғар аудандық АБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы полиция майоры Нурмуханбетова Ақмарал Әнуарқызы мен полиция лейтенанты Таубалдиева Сымбат,Талғар аудандық емхана қолдау көрсету тобының психологі Рахметов Ержан Ноғайұлы,Талғар газетінің тілшісі Т.Жалғасбаев ,Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің ұстазы Өмірбеков Жолымбет Нүсіпәліұлы «Құқықтану», «Тамақ өндіріс өнеркәсіптеріндегі өндеу технологиясы және ұйымдастыру» топ студенттері, Д.А.Қонаев атындағы колледждің «Құқықтану» топ студенттерінің қатысуымен өткізілді.
Полиция майоры Ақмарал Әнуарқызы қазіргі қоғамда кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар туралы хабарлама жасап, жастарды «нашақорлық» «шылым шегу» – сияқты жат мінездерден аулақ болуға шақырды.
Психолог Ержан Ноғайұлы қоғамдағы «нашақорлықтың» алып отырған орны, адамзат баласының одан тартып отырған қайғы – қасіреттері туралы, жастарды бүгінгі күннен бастап отбасынан,«нашақорлық», «шылым», «кальян шегіу», «насыбайға» қарсы тұру және алдын алу мәселері бойынша түсініктемелер беріп, жастарға салаутты өмір салтының сақталуының қамқоршысы болу әр қайсымыздың жауапты міндетіміз, нашақорлыққа қарсы күресті жалпы халық болып жүргізуіміздің қажет екендігін атап өтті.
Салауатты өмір салтын насихаттайтын шара барысында жиналған жастарға нашақорлықтың зияндылығы және спортпен шұғылданудың тиімділігі жөнінде мағлұмат беретін кітапшалар, парақшалар,бүктемелер таратты.
Оқырмандарға «Есірткі туралы ақиқат пен жалған», «Кальян шегу зияны, шығу тарихы», «Насыбайдың зияны, жасалу жолы», «Нашақорлық», «Темекі шегу қаншалықты зиян», «Арақ пен ішімдіктердің зияны» атты бейне роликтер көрсетілді.Фото Талғар Аудандық Кітапханасы.Фото Талғар Аудандық Кітапханасы.Фото Талғар Аудандық Кітапханасы.Фото Талғар Аудандық Кітапханасы.

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

w

Connecting to %s

WordPress.com-дағы блог.

Up ↑

%d bloggers like this: